Ораза сұрақ жауап

Жолаушы міндетті түрде аузын ашуы керек пе?

Жаратушы Иеміз Алла тағала ораза кезінде пенделеріне кейбір жағдайда ораза ұстамауға рұқсат еткен. Сол рұқсаттардың бірі — жол жүргенде ораза ұстамау[36][1]. Бұл дегеніміз: ауызы берік адам өзінің тұрақты жерінен ең кемі 85-90 шақырым ұзақтықтағы жерге жолға ниеттеніп шықса, ол кісіге ораза ұстамауына рұқсат етіледі. Бірақ – міндет емес. Яғни, кімде …

Ары қарай оқу »

Тарауих намазын тек ораза ұстағандар ғана оқиды ма?

Тарауих намазы ораза айында оқылатын құлшылық түрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оразада бұл намазды үнемі оқығандықтан үкімі — «бекітілген сүннет».  Аталмыш намазды оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі. Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен …

Ары қарай оқу »

Құсса ораза бұзыла ма?

Ораза кезінде аузы берік кісі «еріксіз» құсса ораза бұзылмайды. Ал ауызды толтыра әдейі құсу оразаны бұзады. Ондай жағдайда Рамазан айынан кейін сол күнді қайта тұту керек. Кәфарат қазасы керек емес. Ауыз толы болмаса бұзылмайды. Бұл жайында имам Тирмизиден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.у.): «Еріксіз құсық келген кісі (оразасын) қазасын өтемейді. Ал …

Ары қарай оқу »

Жанған бір заттың түтінін жұтып, оны иіскесе ораза бұзыла ма?

Түтінді әдейі жұтпай, еріксіз өздігінен ішке кірсе оразаға зияны жоқ. Ал, оны әдейі ішке тартып иіскесеңіз немесе әдейі жұтсаңыз ораза бұзылады. Рамазаннан кейін сол күннің қазасын өтеуіңіз керек. Әйтсе де, бұл жағдайды әтірдің немесе гүлдің т.б. заттың иісін иіскеумен бірдей көрмеу керек. Әтірдің немесе гүлдің иісін иіскеу оразаны бұзбайды[41]. Осы орайда айта …

Ары қарай оқу »

Рамазан айында төсек қатынасына түсуге бола ма?

Рамазан айында ауыз берік болған мезгілде ғана төсек қатынасына түсуге рұқсат жоқ. Ал, кешке ауызашар уақытынан кейін төсек қатынасына түсуге рұқсат. Бұл жайында Жаратушы Иеміз Алла Тағала былай дейді: «Оразаның түнінде əйелдеріңе жақындасу сендер үшін рұқсат етілді. Олар сендерге, сендер оларға киімсіңдер…»[9]. Ауыз берік бола тұра күндіз бұл әрекетке әдейі барған жандар …

Ары қарай оқу »

Крем жағу оразаны бұза ма?

Терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды. Мысалы, крем жағу, май жағу, судың ішінде ұзақ тұру, жараның бетіне дәрі таңу т.б. Тек крем не майды жаққан кезде тым қалындатпаған жөн. Себебі, қалың жағылған крем не май дәрет алғанда суды теріге жеткізбеуі мүмкін. Ал теріге су …

Ары қарай оқу »

Оразада етеккірі тоқтаған әйел не істейді?

Оразаның күндізінде (сәресінің уақыты өтіп кеткен соң) етеккірі тоқтаған әйел сол күні ауыз бекітпейді. Ауыз бекітетін болса, ораза тұтқан болып есептелмейді. Рамазаннан кейін сол күнді де, алдыңғы тұтпаған кұндерімен қосып қазасын өтейді. Сәресіге дейін хайызы тоқтаса, оразаға ниет етіп ауызын бекітеді.[37] [37] Бадаиғ – 2/597 бет Muslim.kz сайтынан алынды

Ары қарай оқу »

Науқас адам оразада не істейді?

Алла Тағала құлына тек күші жететін нәрсесін ғана міндеттейді[3]. Өйткені Ұлы Жаратушы иеміз бізге ауырлық емес, жеңілдік қалайды. Сондықтан Алла ауырған адамға ораза тұтпауына рұқсат берген. Бұл жайында Құранда  былай делінген: «Рамазан айы туғанын көрсеңдер ауыздарыңды бекітіңдер. Ал кім де кім, сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуына рұқсат) басқа күндері қаза …

Ары қарай оқу »