Ораза сұрақ жауап

Рамазанда беттен сүйсе, ораза бұзыла ма?

Рамазанда беттен сүйсе, ораза бұзыла ма?

Аузы берік кісінің беттен сүюі оразаны бұзбайды. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ауызы берік бола тұра әйелдерін сүйетіндігі Айша анамыздан жеткен[7]. Бұл жерде ескере кететін жағдай, егер әйелін сүйгенде шәует бөлініп кетпейтініне және жыныстық қатынасқа түсіп қоймайтынына сенімді болса, онда сүюіне рұқсат. Ал оған сенімсіз болса – мәкрүһ[8]. [7] Бухари, Китабус саум …

Ары қарай оқу »

Әйелдер «свеча» қолданса оразалары бұзыла ма?

Аузы берік кезде ішке барар  жолдардың[13] бірінен қандай да бір зат түбегейлі ішке еніп орнықса, онда ораза бұзылады.  Осыған сәйкес аталмыш медициналық препаратты күндіз, ауыз берік сәтте қолданатын болсаңыз, оразаңыз бұзылады[14] (сол күнді Рамазаннан кейін бір күн қаза етіп өтейсіз, кәфәрат қажет емес). Сондықтан мүмкін болса, әлгі препаратты қолдануды ауыз ашар …

Ары қарай оқу »

Ине салса ораза бұзылады ма?

«Ине салса, ораза бұзыла ма?» дегенге келер болсақ, Имам Юсуф пен Имам Мұхаммәдтің (р.а.) тұжырымы бойынша «денедегі және бастағы «терең жараны» сұйық дәрімен емдесе де, ораза бұзылмайды. Себебі, дәрі ішке (азық секілді) табиғи жолдармен бармағандықтан, ішке түсуі екіталай»[26] дей отырып, ішке бір заттың табиғи жолдардан (ауыз, құлақ, мұрын, тік ішек) …

Ары қарай оқу »

Тіс жұлдыру оразаны бұза ма?

Егер адам ораза кезінде тіс жұлдыртатын болса, онда оның оразасы бұзылмайды. Тіс жұлғаннан кейінгі аққан қанның ішке кетіп қалмауын байқау керек. Егер тісінен аққан қанды жұтып қойған жағдайда тек сол күнгі оразаның қазасын өтейді[28]. Тіс жұлғанда салынатын ине де, «табиғи емес» жолдармен ішке баратындықтан, бүгінгі ғұламаларымыз ол да оразаны бұзбайды …

Ары қарай оқу »

Ескі оразадан қарызы бар адам не істейді?

Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін»[29], – дей отырып, Алла Тағала қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр. Сондықтан да, келесі рамазан айына дейін өтеу міндет …

Ары қарай оқу »

Ауыз берік кезде моншаға түсуге бола ма?

Ауыз берік кезде моншаға түсуге бола ма?

Монша буға шабыну арқылы  жуынып-шайынатын жер болғандықтан, моншаға түсуді ауыз ашар уақытына қалдырған дұрыс. Неге десеңіз, моншадағы бу – су молекулаларынан құралады. Яғни, буда судың белгілі бір бөлшектері орын алған. Көп мөлшердегі буды жұту арқылы ішке белгілі дозада су бөлшектері енеді. Сол себепті, оразаңыз бұзылады деуге негіз бар. Одан бөлек, душқа шомылуға …

Ары қарай оқу »

Сәресі уақытын күн шығысымен тоқтату керек пе?

Сәресінің аяқталу уақыты күннің шығуымен емес, таң намазының кіруімен есептеледі. Ендеше, аймағыңыздағы кесте бойынша таң намазы кіргенге дейін ауыз бекітіп үлгеруіңіз керек. Яғни, таң намазының уақыты кірісімен ішіп-жеуді тоқтату керек. Құран Кәрімде ауыз бекіту уақыты жайында былай делінген: «…Таңға дейін, (яғни) «қара жіп» «ақ жіптен» айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, содан соң …

Ары қарай оқу »

ПІТІР САДАҚАҒА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМЕТТЕР

ПІТІР САДАҚАҒА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМЕТТЕР

Пі­тір са­да­қаны беру Хиж­рет­тің екін­ші жы­лы, Ра­ма­зан ора­за­сы па­рыз етіл­ген жы­лы міндеттелді. Зекеттен бұрын пітір садақасы уәжіп болды. Пітір садақасын беру әрбір дәулетті мұсылман ер мен әйелге – уәжіп. Сахих Бухариде келтірілген бір риуаятта Абдулла ибн Омар (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі құрмадан бір саъ немесе арпадан бір саъ пітір садақасын беруді әр бір мұсылман …

Ары қарай оқу »

ТӨБЕЛЕСІП ҚАЛСА, ОРАЗА БҰЗЫЛА МА?

ТӨБЕЛЕСІП ҚАЛСА, ОРАЗА БҰЗЫЛА МА

Сұрақ: Ассаламағалейкум! Мектеп кезінде біздің сыныптың оқушылары мен басқа сыныптың оқушыларының арасында кикілжің туып, төбелесіп қалды. Сол бір жігіттер: «Мен төбелестім. Менің оразам бұзылды», — деп ауыздарын ашып жіберді. Осы дұрыс па? Жалпы төбелессе ораза бұзыла ма? Алмас Менің сұрайын дегенім, ашуланып кеттім де, әйелімді басынан нұқып жібердім. Ол жылап қалды. …

Ары қарай оқу »

Сағыз шайнау оразаны бұза ма?

Сағыз шайнау оразаны бұза ма?

Сағыздың дәмінен ауызда тәтті сұйықтық пайда болып, ол асқазанға түсетіндіктен, ораза бұзылады. Әрі бұл азық қатарына жататындықтан, бұған кәфәрат қазасын өтеуіңізге тура келеді. Яғни, сағыз шайнап, тәтті сұйықтықты жұтқан адам рамазан айынан кейін екі ай үзбестен ораза ұстайды. Бұл жаңа сағыз үшін. Ал, бұған дейін шайналған, тәтті дәмі қалмаған ескі …

Ары қарай оқу »