Ораза сұрақ жауап

Рамазанда қан алдыру оразаны бұза ма?

Ораза ұстаған адамнан қан алдыру оразаны бұзбайды. Өйткені, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.у) аузы берік бола тұра қан алдыртатын болған. Сахих Бухариде риуаят етілген хадисте сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.) былай дейді:«Алланың Елшісі (с.ғ.у.) аузы берік бола тұра хижама[31] жасататын»[32]. Әйтсе де, аузы берік адам қан алдыртқанда әлсіреп, ораза тұтуы қиындап кететініне көзі …

Ары қарай оқу »

Ұшақтағы адам ауызашар уақытын қалай анықтайды?

Ұшақтағы адам жергілікті ораза кестесін емес, күннің батуын негізге алады. Мысалы, жергілікті кестеде «сағат осыншада ауызашар» дегенімен, ұшақтағы адамға күн әлі батпаса, ол кісі кестедегі уақытқа емес, күннің батуына қарайды[34]. Кесте уақыты жердегі ораза ұстаушылар үшін арналған. Өйткені, Құранда айтылғандай, сәресіні ішуді тоқтату уақыты таң қылан бере бастауымен, ауызашар уақыты …

Ары қарай оқу »

Ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын қазақша айтуға бола ма?

Ұлы жаратушы барлық ұлттардың тілімен қоса іштейгі айтылмаған тілектерін де біледі. Сондықтан ауыз бекіту дұғасы мен ауыз ашар дұғаларын арабша айту шарт емес, әр ұлт өз тілінде айтса да болады. Muslim.kz сайтынан алынды

Ары қарай оқу »

Намаз оқымаған адамның ораза ұстауына бола ма?

Ораза – жеке-дара құлшылық. Намаз оқымаған адам да ұстай алады. Ораза – Ұлы Жаратқанға жақындаудың бір түрі. Мұны болмайды деп тыю дұрыс емес. Намаз оқымайтын кісі ораза арқылы дінге бір табан жақындап, келер жылдары намазға жығылуы әбден мүмкін. Ораза ұстаған кісіге «Оразаң қабыл болсын!» деп демеу беріп, мұсылманшылыққа даналықпен шақыру …

Ары қарай оқу »

АЛҒАШ РЕТ ОРАЗА ҰСТАЙТЫНДАРҒА ҚАНДАЙ КЕҢЕС БЕРЕСІЗ?

АЛҒАШ РЕТ ОРАЗА ҰСТАЙТЫНДАРҒА ҚАНДАЙ КЕҢЕС БЕРЕСІЗ

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Ораза ұстағым келіп жүр. Ниетім бар. Ораза ұстар алдында қандай кеңес бере аласыздар Жауап:  Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ! Алла жазса көптен күткен қасиетті Рамазан айы да келіп қалды. Құдайға шүкір, Алланың бұйрығына бас иіп, ораза ұстауға ниет қылғандардың саны жылдан-жылға артуда. Сондықтан да, сұрағыңызға орай біршама кеңестерімізді …

Ары қарай оқу »

ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗГЕН ДҰРЫС?

ҚАДІР ТҮНІН ҚАЛАЙ ӨТКІЗГЕН ДҰРЫС

Қадір түнінің мың айдан артық екендігі Қадір сүресінде ашық баян етілген. Осы түні жасаған құлшылықтарымыз 83 жыл жасалған мінәжаттың сауабына татиды.  Ал, бұл түнді жіберіп алған кісі көп нәрседен мақұрым қалады дейді ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Рамазан айында мың айдан артық бір түн бар. Кім оның жақсылығынан мақұрым қалған болса, шын …

Ары қарай оқу »

АРАҚ ІШКЕН АДАМ ОРАЗАСЫН 40 КҮННЕН КЕЙІН БАСТАУЫ КЕРЕК ПЕ?

АРАҚ ІШКЕН АДАМ ОРАЗАСЫН 40 КҮННЕН КЕЙІН БАСТАУЫ КЕРЕК ПЕ

Сұрақ: Ассалаумағалейкум! Сізге тағы бір сурак туындап тур, ішімдік ішіп койған адам 40 кун толмай тәубе етсе жəне Рамазан айындағы оразаны алғашкы күннен бастап тұтса бола ма? Жалпы кейін казасын өтеу шарт па? Жауап:  Уа алейкум ассалам! Жандос, біріншіден, ішімдік ішу – күнә. Оны жасауға тыйым салынған. Себебі, Алла Тағала Құранда: …

Ары қарай оқу »