Хадис3

Рамазан айында оқылатын Тарауих намазы жиырма рәкәғат. Әр екі рәкәғаттан соң сәлем бергенімен, әр төрт рәкәғаттан соң бір сәт демалғаны үшін бұл төрт рәкәғатты «таруиха» деп атайды. Бір тарауих намазында бес таруиха бар. «Таруих» — дем алу деген мағынаны білдіреді. Көпше түрі – тарауих.

Айша анамыз былай дейді: «Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) кешкісін мешітте тарауих намазын оқыды. Мұсылмандар да оған ұйып тарауих намазын бірге орындады. Ертесі күні таң атысымен осы мәселені бір-біріне түсіндіре бастады. Екінші күні кешке мешітке жиналған мұсылмандар саны көбейе бастады. Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) мешітке келіп оларға намаз қылдырды. Таң атқаннан кейін жамағат бір-біріне бұны да түсіндіре бастады. Үшінші күні жамағат саны кешегіден де артты. Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) кешкісін жамағат алдына шығып намаз өткізді. Төртінші күні кешке мұсылмандардың көбейгені соншалық, мешітке сыймай кетті. Бірақ Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) тарауих намазын оқу үшін көпшілік алдына шықпады. Кейбіреулер намаз оқу үшін жиналғандарын ескертуге тырысқанымен, Пайғамбарымыз (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) таң намазына дейін олардың алдына шықпады. Таң намазын оқып болғаннан кейін жамағатқа бет бұрып шахадат сөзін айтты да: «Жамағатпен тарауих намазын оқудағы әрекеттеріңізді көрдім. Алдарыңа шығуға кедергі болған нәрсе мынау еді, мен осы намазды өздеріңе парыз етіп қабылдап, бұл намазды өтеуде әлсіздік танытып күнәға бой алдырасыңдар ма деп уайымдадым» деді».

( Бухари, Муслим, Ахмед ибн Ханбал ).

Тағы

Хадис4

«Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді, көмекке ашық болыңдар дұғаларың қабыл болады.» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *