Оразаның жеңілдіктері туралы хадис

Оразаның жеңілдіктері туралы хадис

Әнастан (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны хабарланады: «Ұлы әрі Құдіретті Алла сапардағыларды оразаның ауыртпалығынан және намаздың жартысынан, ал жүкті және емізулі әйелдерді оразаның ауыртпалығынан босатты». (Әт-Тирмизи, Абу Дауд).

Жүкті және емізулі баласы бар әйелдер өзі немесе баласы үшін қауіп сезінсе, оразасын тоқтата алады. Алайда, олар ораза ұстай алса, онда оларға оразаны қалдыруға тыйым салынады. Себебі, Алла Тағала: «… ал сендер үшін ораза ұстау жақсырақ, сендер білсеңдер еді!», – дейді. («Бақара» сүресінің, 183-аяты).

Имам Ибн Ақиль осы аяттың мағынасына байланысты: «Егер жүкті және емізулі баласы бар әйелдер жатырындағы нәресте және баласы үшін қауіптенсе, онда олар ораза ұстамаулары керек, ал егер олар қауіптенбесе, онда оларға ораза ұстамауға тыйым салынады!», – деген.

Тағы

Хадис3

Рамазан айында оқылатын Тарауих намазы жиырма рәкәғат. Әр екі рәкәғаттан соң сәлем бергенімен, әр төрт …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *