ЕШ НӘРСЕ ЗИЯНЫН ТИГІЗЕ АЛМАЙТЫН ДҰҒА

ЕШ НӘРСЕ ЗИЯНЫН ТИГІЗЕ АЛМАЙТЫН ДҰҒА

 Оқылуы: «Әғуузу би кәлимәәти-лләәһит-тәәммәәти мин шәрри мә халәқ».

Мағынасы: Алланың мінсіз сөздерімен* күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан сақтанамын!+

أَعُوذُ بِكَلِمَاتِ اللهِ التَّامَّاتِ مِنْ شَرِّ مَا خَلَقَ

Ұзақ жылдар бойы ардақты Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бірге болу құрметіне бөленген сахаба Әбу Хұрайра (р.а.) бұл дұға жайлы мына оқиғаны тілге тиек еткен:

«Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.): Кеше түнде мені шаян шағып алды, – деп, түні бойы көз ілмегенін айтып, мұңын шағады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Егер кешкісін мына дұғаны оқығаныңда, ол сені шақпас еді», – деген екен.

Сондай-ақ, Имам Тирмизидің еңбегінде Суһәйл ибн Әбу Салих (р.а.): «Айналамыздағы адамдардың барлығы осы дұғаны жаттап алып, күн сайын кешкісін оқып жүретін. Бірде қызметші әйелдердің бірін шаян шағып алды, бірақ, ол әйел одан ешқандай да зиян шекпеді», – деген.

Жоғарыда келтірілген деректерге қоса осы дұғаға қатысты басқа бір хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Кімде-кім қандай да бір жерге (панажайға) ат басын тірегенде, мына дұғаны оқыса, сол жерден аттанып кеткенге дейін оған еш нәрсе зиянын тигізе алмайды», – деп айтқаны риуаят етілген.

Muslim.kz

Тағы

қадір түнінде таңдаулы дұғалар

Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар

Ғұлама Мужаһит:  «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *