кәрі адамдарға ораза парыз ба

Кәрі адамдарға, жасы келгендерге ораза ұстауға бола ма?

— Кәрі адамдарға ораза парыз ба?

— Иә, кәрі болса да барлығына ораза парыз. Бірақ, бір кісілер бар, мысалы, ораза ұстаумен денсаулығы күрт төмендеп, жатып тұра алмайтындай жағдай болатын болса, ол фидия береді. Ол Құранда да бар. Фидия садақасы деген — ол бір күнде бір міскінді тойдыру. Ол қарапайым денсаулығы бар адамға жарамайды. Тек сол өзің сұраған 90 келген қария, отырып тұруы қиын, жүріп тұруының өзі қиын, оның үстіне денсаулығы да жоқ адамдар ораза ұстамай, фидия берсе болады.  Ал, жалпы кісілерге ол фидия жүрмейді. Денсаулығы бар адам міндетті түрде оразасын ұстауы міндет.

 

Сұрақтарға жауап берген Байкен мешітінің бас имамы Құлмұхамет Махамбет ағамыз жауап берген.

Ұстаған оразаларыңызды Алла Тағала қабыл етсін!

Берік ТВ каналында жасалған сұхбаттан алынды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *