Рамазан оразасында басында 3 күн ұстауға болады ма?

Ораза басында 3 күн ұстауға бола ма?

— Тағы да жиі кездесетін сұрақтардың бірі. Рамазан оразасының басында 3 күн, ортасында 3 күн және соңында 3 күн ұстауға болады ма?

— Иә, көпшіліктің ішінде осы сөз көптеп кездеседі. Бірақ, Рамазанның оразасын бір ай ұстау қажет. Ол Алла Тағаланың тікелей әмірі — Рамазан оразасы 1 ай. Пайғамбарымыз осы кезде былай деген: «Ай көрдіңдер, ораза ұстаңдар. Ай көріп ауыздарыңды ашыңдар» деген. Сонда бір кісілер келіп сұрады: — Уа, Расулалла, неге ай көру? Егер ауа райы бұлт болатын болса, онда қалай етеміз? — деген. Сонда пайғамбар: — Бұлт болатын болса, саусақтарын көрсете отырып, 10, 10 және 9 дегенді көрсеткен екен. Ал егер бұлт болатын болса, онда 30 күн деген екен. Сондықтан, оразаны толық ұстау керек. Басында, ортасында, соңында деген жоқ.

Сұрақтарға жауап берген Байкен мешітінің бас имамы Құлмұхамет Махамбет ағамыз жауап берген.

Ұстаған оразаларыңызды Алла Тағала қабыл етсін!

Берік ТВ каналында жасалған сұхбаттан алынды

Тағы

қадір түнінде таңдаулы дұғалар

Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар

Ғұлама Мужаһит:  «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *