Ұйықтап қалып, сәресіні өткізіп алған кісілер не істейді?

Сәресі ішу – парыз емес. Ұйықтап яки басқа себептермен сәресіні өткізіп алғандар ештеңе ішіп-жеместен ораза ұстауын ары қарай жалғастыра береді. Бірақ, сәресіні жіберіп алмауға тырысқан жөн. Хадисте: «Сәресі ішіңіздер, себебі, сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресіні тастамаңдар. Себебі, сәресіге тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешіріп тілейді», — делінген. Сәресі мезгілі – дұға-тілектер қабыл болатын ең берекетті уақыт. Сәресі ішу адамға күш береді, күндізгі жұмыстарын тыңғылықты атқаруға, ғибадаттарын кемшіліксіз орындауға көмектеседі. Бұған қоса, сәресіге тұрған кісі сүннет сауабын алады. Себебі, сәресі жеу – пайғамбарымыздың сүннеті. Сәресіге тұрған кісі артынша сәре уақыты шықпай тұрып «Тәһәжжуд» намазын оқып, Раббысына мінәжат етсе нұр үстіне нұр.

Muslim.kz сайтынан алынды

Тағы

ораза 2018 кестесі өскемен қала

Ораза 2018 кестесі Өскемен — Қалалар бойынша ораза кестесі 2018

Рамазан айы келіп адамдар кесте іздеуге асығады. Иә, бұл өте жақсы. Бірақ, ұмытпаңыздар, сіздердің үйлеріңізге …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *