Ұмытып ішіп-жеп қойғандардың оразасы бұзыла ма?

Егер аңдаусызда ұмытып ішіп-жеп қойса, онда ораза бұзылмайды. Бірақ, ораза ұстап жүргендері есіне түскен сәттен бастап ішіп-жеуді дереу тоқтатып, ауыздарын шайып, оразаларын ары қарай жалғастырады. Пайғамбарымыз хадисінде: «Кімде-кім ұмытып ішіп-жеп қойса, оразасын қайта жалғастырсын. Өйткені, оған Алла Тағаланың өзі ішкізіп-жегізген», — дейді.

Ораза екендігі есіне түскенде, дереу астан тыйылу керектігін біле тұра «болды, бұзылды» деп тамақ жеуін жалғастырған адам күнәһар болады. Ал, ондайда дереу асты доғару керектігін білмей ішіп-жеп кеш батырған адам ораза айы біткеннен кейін сол күннің қазасын өтейді.

Muslim.kz сайтынан алынды

Тағы

Құсса ораза бұзыла ма?

Ораза кезінде аузы берік кісі «еріксіз» құсса ораза бұзылмайды. Ал ауызды толтыра әдейі құсу оразаны …

Бір пікір

  1. Нұртілеу

    Ораза айында компютер ойнаса болама

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *