Аузы берік кісінің беттен сүюі оразаны бұзбайды. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ауызы берік бола тұра әйелдерін сүйетіндігі Айша анамыздан жеткен[7].
Бұл жерде ескере кететін жағдай, егер әйелін сүйгенде шәует бөлініп кетпейтініне және жыныстық қатынасқа түсіп қоймайтынына сенімді болса, онда сүюіне рұқсат. Ал оған сенімсіз болса – мәкрүһ[8].
[7] Бухари, Китабус саум – 1827.
[8] Хидая – 1/310 бет.; Әл-Айни, Биная — 4/44 бет