Құсса ораза бұзыла ма?

Ораза кезінде аузы берік кісі «еріксіз» құсса ораза бұзылмайды. Ал ауызды толтыра әдейі құсу оразаны бұзады. Ондай жағдайда Рамазан айынан кейін сол күнді қайта тұту керек. Кәфарат қазасы керек емес. Ауыз толы болмаса бұзылмайды.

Бұл жайында имам Тирмизиден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.у.): «Еріксіз құсық келген кісі (оразасын) қазасын өтемейді. Ал әдейі құсқан болса (сол күнгі оразаның) қазасын өтесін»[38], — дейді[39].

[38] Тирмизи сүнәні, Китабус Саум, 720-хадис

[39] Әл-Мәйдани, әл-Лубәб – 1/166 бет; Мәрғинани, Әл-Хидая – 1/312 бет

Muslim.kz сайтынан алынды

Тағы

Жанған бір заттың түтінін жұтып, оны иіскесе ораза бұзыла ма?

Түтінді әдейі жұтпай, еріксіз өздігінен ішке кірсе оразаға зияны жоқ. Ал, оны әдейі ішке тартып …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *