ТӨБЕЛЕСІП ҚАЛСА, ОРАЗА БҰЗЫЛА МА

ТӨБЕЛЕСІП ҚАЛСА, ОРАЗА БҰЗЫЛА МА?

Сұрақ: Ассаламағалейкум! Мектеп кезінде біздің сыныптың оқушылары мен басқа сыныптың оқушыларының арасында кикілжің туып, төбелесіп қалды. Сол бір жігіттер: «Мен төбелестім. Менің оразам бұзылды», — деп ауыздарын ашып жіберді. Осы дұрыс па? Жалпы төбелессе ораза бұзыла ма? Алмас Менің сұрайын дегенім, ашуланып кеттім де, әйелімді басынан нұқып жібердім. Ол жылап қалды. Әйелім ораза ұстаған болатын. Соның оразасына зиян тимеді ме екен? Оразасы бұзылды ма?

Жауап:

Уағалейкумуссалам! Сіздер айтқан жағдайларда ораза бұзылмайды. Оразаның бұзылуы үшін сырттан бір нәрсе ішке енуі керек. Ауыз арқылы тағам немесе су кіруі оразаны бұзады. Төбелесіп қалса, ораза бұзылмайды. Ал, қан жоса болып, мұрын қанап жатса, ауыздан ішке кетіп қалмауын қадағалау керек. Жалпы, төбелесу күнә болады. Оразаның сауабын азайтады.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) өзінің танымал хадисінде: «Кімде-кімнің аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе оған: «Мен оразамын» десін»[1]  деген.

[1] Ибн Мажә, Сиям, 21

Максатбек Каиргалиев устаз р-кой мечети Хазрат Султан

Тағы

Құсса ораза бұзыла ма?

Ораза кезінде аузы берік кісі «еріксіз» құсса ораза бұзылмайды. Ал ауызды толтыра әдейі құсу оразаны …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *