Тарауих намазын тек ораза ұстағандар ғана оқиды ма?

Тарауих намазы ораза айында оқылатын құлшылық түрі. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оразада бұл намазды үнемі оқығандықтан үкімі — «бекітілген сүннет».  Аталмыш намазды оразаны тұтқан да, тұтпаған да оқыса сауапқа кенеледі.

Тарауих намазын оқудың сауабы жайында Алланың Елшісі: «Кімде кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін Тарауих намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[40], — деген.

[40] Сахих Муслим – 759 хадис. Имам Науаи шархы

Muslim.kz сайтынан алынды

Тағы

Жанған бір заттың түтінін жұтып, оны иіскесе ораза бұзыла ма?

Түтінді әдейі жұтпай, еріксіз өздігінен ішке кірсе оразаға зияны жоқ. Ал, оны әдейі ішке тартып …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *