Жанған бір заттың түтінін жұтып, оны иіскесе ораза бұзыла ма?

Түтінді әдейі жұтпай, еріксіз өздігінен ішке кірсе оразаға зияны жоқ. Ал, оны әдейі ішке тартып иіскесеңіз немесе әдейі жұтсаңыз ораза бұзылады. Рамазаннан кейін сол күннің қазасын өтеуіңіз керек. Әйтсе де, бұл жағдайды әтірдің немесе гүлдің т.б. заттың иісін иіскеумен бірдей көрмеу керек. Әтірдің немесе гүлдің иісін иіскеу оразаны бұзбайды[41]. Осы орайда айта кету керек: темекі оразаны бұзатындықтан, ауызы берік бола тұра темекі тартқан кісінің оразасы бұзылады

[41] Ибн Ғабидин: Раддул Мухтар

Muslim.kz сайтынан алынды

Тағы

Құсса ораза бұзыла ма?

Ораза кезінде аузы берік кісі «еріксіз» құсса ораза бұзылмайды. Ал ауызды толтыра әдейі құсу оразаны …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *