Жолаушы міндетті түрде аузын ашуы керек пе?

Жаратушы Иеміз Алла тағала ораза кезінде пенделеріне кейбір жағдайда ораза ұстамауға рұқсат еткен. Сол рұқсаттардың бірі — жол жүргенде ораза ұстамау[36][1]. Бұл дегеніміз: ауызы берік адам өзінің тұрақты жерінен ең кемі 85-90 шақырым ұзақтықтағы жерге жолға ниеттеніп шықса, ол кісіге ораза ұстамауына рұқсат етіледі. Бірақ – міндет емес. Яғни, кімде кімнің жолаушы кезінде оразаға қауқары жетсе, аузын ашқаннан гөрі оразасын жалғастыра бергені абзал.

Ендеше, сіз де: «жол жөнекей ораза ұстауға күшім жетеді», — десеңіз ауызыңызды ашпағаныңыз дұрыс.

[1] «Бақара» сүресі, 187-аят

[36] Құран Кәрім, Бақара сүресі – 184 аят

Muslim.kz сайтынан алынды

Тағы

Жанған бір заттың түтінін жұтып, оны иіскесе ораза бұзыла ма?

Түтінді әдейі жұтпай, еріксіз өздігінен ішке кірсе оразаға зияны жоқ. Ал, оны әдейі ішке тартып …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *