Оразада тіс пастасын қолдануға болады ма?

Оразада тіс пастасын қолдануға болады ма? — Ораза туралы сұрақтар

— Ораза адам тіс пастасын қолданса болады ма?

— Енді, осы жерде мәселе бар. Мысалы, біз мисуақ қолданамыз. Соның өзінде, оның құрғағын қолдану керек екен.

— Мисуак деген жаңағы таяқша ма?

— Иә, таяқша. Бұтақтың енді кескені бар, ол сулы болады. Соған да рұқсат етпеген. Құрғағы болсын деген. Ал тіс пастасын пайдалануға болады деген де ғалымдардың пікірі бар. Алайда, оған өте сақ болу керек. Пастаның құрамында тұз бар, минерал бар, түрлі-түрлі заттар бар. Сол егер тамақтан өтіп кететін болса, онда ол ораза бұзылады. Ал сақтықпен жуамын дейтін адамдар, сәресі ішкеннен кейін, ораза уақыты кірмей тұрып тістерін тазалаған абзал. Және тісті ауызашардан кейін жуған абзал.

Өйткені, бұл жерде пайғамбарымыздың хадисі бар: «Ораза ұстаған кісінің аузынан келетін иіс, ол миски-амбар, яғни оның иісінен де артық» деген. Сондақтан, бұл нәрсеге мән беру керек. Иіс келу ол табиғи зат. Адам тамақ ішпегеннен кейін асқазанан бір иіс шығады. Иіс шығады екен деп күніне 3-4 рет тіс пастасын қолдана берсе, оның оразаға қауіпі бар. Неге десеңіз, тіс пастасы ішке кетіп қалатын болса, ораза бұзылып, сауабынан мақрұм қалады. Сондықтан, сауаптан айырылып қалмауымыз үшін жиі қолданбағанымыз жөн.

Сұрақтарға жауап берген Байкен мешітінің бас имамы Құлмұхамет Махамбет ағамыз жауап берген.

Ұстаған оразаларыңызды Алла Тағала қабыл етсін!

Берік ТВ каналында жасалған сұхбаттан алынды

Тағы

қадір түнінде таңдаулы дұғалар

Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар

Ғұлама Мужаһит:  «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *