ПЕРЗЕНТХАНАДА АУЫСҚАН БАЛАНЫҢ ҚҰРАН АРҚЫЛЫ АНАСЫН ТАБУЫ

ПЕРЗЕНТХАНАДА АУЫСҚАН БАЛАНЫҢ ҚҰРАН АРҚЫЛЫ АНАСЫН ТАБУЫ

Америкада екі әйел қатар, бір уақытта босаныпты. Біреуінде ұл, екіншісінде қыз екен. Медбикелердің жауапсыздығы ғой, біреуі екі нәрестені ауыстырып алыпты. Ендігі жерде екі әйелдің арасында дау пайда болып, екеуі де «мен тудым» деп ұлға жармаса беріпті. ДНҚ анализдерінің де бір-біріне қатты ұқсас болғаны сондай, айырып бере алмайды. Қай баланың кімдікі екенін ажырата алмай абыржыған дәрігерлер бұл жағдайды басшылыққа айтады. Ал басшылықта отырған дәрігер «Бұл мәселенің шешімін бір білсе мұсылмандар білер» деп, Сауд Арабиясындағы бір мұсылман ғалымына телефон шалады. Екеуінің арасындағы әңгіме былай өрбіпті:

Американдық: Сіздер діндеріңізде барлық мәселелер мен сұрақтарға жауап бар екенін жиі айтасыздар ғой. Әлі де сол ойларыңыздасыздар ма?

Мұсылман ғалымы: Иә, солай ойлаймыз.

Сонда американдық оған жағдайды түсіндіреді. Ал ғалым бұл мәселенің шешімінің тіпті оңай екенін айтып: «Екі әйелдің де омырау сүтін тексеріңіздер, қайсының сүтінің құнарлығы жоғарырақ болса, ұл баланы сол босанған», — деп жауап беріпті. Дәрігер ғалымның айтқанындай істеп, екі ананың да сүтін тексертіп, ұлдың анасын анықтап береді. Сосын мұсылман ғалымынан: «Ұл баланың туған әйелдің сүтінің құнарлырақ болатынын қайдан білдіңіз?» — деп сұрайды таң-тамаша болып. Ол болса: «Бұған жауап Құранда жазылған. Алла тағала Ниса сүресінің 11-аятында «…Бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады», — деген.  Яғни, ер адамның үлесі әйелдікінен екі есеге көбірек» — деген көрінеді.

Бүкіл сұрақтың шешімін Құранға жасырып, ол арқылы мұсылмандардың дәрежесін жоғары еткен Алла тағалаға мақтау болсын!

Марфуға Шапиян жазбаларынан

Тағы

қадір түнінде таңдаулы дұғалар

Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар

Ғұлама Мужаһит:  «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *