Рамазан айында жасалу керек амалдар мен әрекеттер

Рамазан айында жасалу керек амалдар мен әрекеттер (1-бөлім)

РАМАЗАН — ҚҰЛШЫЛЫҚ АЙЫ.

БІРІНШІ БӨЛІМ:

Рамазанның әр күнінде жасалатын, күнделікті атқарылатын жоспар, сауап амалдардың кестесі:

Жоспардың әр кезеңінің арасын бөлетін нәрсе ол – парыз намаздар болсын, өйткені ол намаздарды дұрыс орындауға көмектеседі.

<Егер жоспардан кейбір нәрселерді жіберіп алсаңыз, оны міндетті түрде келесі кезеңде орындаңыз, егер бір күндегі кейбір амалдарды жіберіп алсаңыз, оны қалдырмай, келесі күні міндетті түрде жасап үлгеріңіз.

<Бұл жоспар үлгі ретінде ұсынылады, сондықтанда оны өз жағдайыңызға ыңғайлап алуға болады. Тек онда көрсетілген іс-амалдарды қамтып, оны орындауға тырысыңыз.

<Бос уақыттарды пайдалы өткізуге тырысыңыз. Бұл жерде бос уақыт деп – бір іс пен басқа бір істің арасында болатын уақыттар айтылады. Мысалы, аялдамада көлік күту, көліктегі уақыт, азан мен қамат арасындағы уақыт, біреуді күтіп жатқандағы т.б. уақыттарды бос өткізбеуге тырысыңыз.

<Бұл жоспарды тек жалғыз өзіңіз емес, басқалармен қосылып орындасаңыз жалықпауға, дұрыс орындауға көмектеседі. Және олардың сауабындай сізге де сауап жазылады.

Міне осы кеңестер төмендегі жоспардың жақсы пайдалы түрде орындалуына септігін тигізеді деген ойдамыз.

Сәресі уақыты.

Мұнда біз үш амалды жасаймыз:

1)Екі рәкағат намаз оқу, бұл Аллаға ықыластылықтың белгісі болып табылады. Өйткені, бұл уақытта Алладан басқа ешкім сізді бақыламайды;

2)Сәресі ішу. Оны соңғы уақытқа дейін кешіктіру сүннет;

3)Сәресі уақытынан яғни, таң намазының уақыты кірмес бұрын 5-10 минут қалдырып, сол кезде күнәларыңды еске түсіріп, истиғфар айту (Алладан кешірім сұрау).

Тағы

қадір түнінде таңдаулы дұғалар

Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар

Ғұлама Мужаһит:  «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *