РИЗЫҒЫМ КӨП БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ...

РИЗЫҒЫМ КӨП БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ…

  1. Көп дұға ету. Алла елшісі (с.а.с.): «Тағдырды тек дұға қайтарады», – деген болатын.
  2. Күнә істерден арылу. Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Расында кісі өзі істеген күнәсі себепті ризығынан мақұрым қалады», – деген хадисі бар.
  3. Өтірік сөйлемеу. Жалған сөз кедейлікті шақырады.
  4. Таңертең ерте тұру. Таңғы ұйқы ризықтан қағады. Күн шыққаннан кейін ұйықтап жатқан адамның ризығы аз болады.
  5. Садақа беру. «Ризық-несібенің түсуін садақамен сұраңдар» деген хадис бар.
  6. Түнгі ұйқы уақытында «Уақиға» сүресін оқу. Сондай-ақ, «Мүлік», «Мүзаммил», «Ләйл», «Нашрах» сүрелерін де оқыған жақсы.
  7. Айналаңыздағыларға жылы шырай таныту, жақсы сөз айту.
  8. Үнемі дәретпен жүру.
  9.  Қолда барыңыз үшін Аллаға көп шүкіршілік айту. Алла тағала Ибраһим сүресінің 7-аятында: «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты» деген болатын.
  10. Үйленбеген болсаңыз, үйленіңіз. Құранда: «Іштеріңдегі бойдақтарды, сондай-ақ қолдарыңдағы құл, күңдердің дұрыстарын үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса да, Алла өз кеңшілігімен оларды байытады. Алла, аса кеңшілік иесі, толық білуші» деген аят (Нұр, 32) аят бар. Қазақтың «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды» деуі де тегін емес-ау.
  11. Саудада өтірік айтпау. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Келісім жасаушылар бір-біріне өтірік айтпаса, ештеңе жасырмаса, олардың келісімінде береке бар» деген болатын.
  12. Туыстық қарым-қатынасты үзбеу. «Ризығым көп, жасым ұзақ болса деген адам туыстық қарым-қатынасты үзбесін» деген хадис бар.

Марфуға Шапиян жазбаларынан

Тағы

қадір түнінде таңдаулы дұғалар

Қадір түнінде оқылатын таңдаулы дұғалар

Ғұлама Мужаһит:  «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла тағала бұл түні …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *