ВКонтакте звонок, Видеозвонок

Енді сіз жақындарыңызға ВКонтакте желісі арқылы қоңырау шала аласыз

ВКонтакте әлеуметтік желісі өз жақындарыңыз бен достарыңызға желіден шықпай ақ қоңырау шалуға болатынын растап отыр.

Желінің Android пен iOS-қа арналған мобильді бағдарламасының соңғы версиясы арқылы қоңырау шалуға болады.Қоңырау шалу үшін, жақыныңыздың сөйлесу диалогын немесе бетшесіне өтіп, жоғарғы оң жақ бөлікте орналасқан трубканың иконкасын бассаңыз болғаны.

Қоңырау шалу барысында микрофонды өшіріп, қатты дауысқа қойып және видеозвонок жасауға мүмкіндік бар.

Және тағы айта кететін жәйт, Сіз сөйлесіп тұрып желінің барлық функцияларын қолдануға мүмкіндігіңіз бар. (Бірақ бұл функция әзірге тек Android қолданушыларына ғана қол жетімді)

Қолданушылардың қауіпсіздігі мақсатында Настройкаға кіріп, тек достарыңыздың қоңырау шалуға мүмкіндік беретін баптау жасау керек

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *