Олимпиада чемпионы, жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусінов өзінің үлкен ағасы Даурен Елеусіновты уақытынан бұрын жеткен жеңісімен Instagram желісінде құттықтады.
Жекпе-жек ұзаққа созылмады. Жерлесіміз карсыласы Америкалық Джаван Джонды 3-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Жекпе-жек АҚШ-та болды.
Бұл жеңіс Даурен Елеусіновтың кәсіби бокстағы 7-жеңісі болатын.