Головкин: Ванес екі раундта «Канелоның» 12 раундынан артық жұдырықтасты

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 5 мамырда Лас-Вегаста өткен америкалық боксшы Ванес Мартиросянның жұдырықтасуына ризалығын білдірді. Бұл туралы боксшының промоутері Том Леффлер айтып берді деп хабарлайды, Tengrinews.kz порталы

«Әлі ештеңеге қол қойылған жоқ («Канеломен» қарымта бойынша), қалай болатынын көре жатармыз. Геннадий нокауттар легін жалғастырды. Қатарынан 23 нокауты тіркелді. Головкин Ванестің екі раундта «Канелоның» 12 раундынан артық жұдырықтасқанын айтты. Жекпе-жекке келу мен табыс бойынша StubHub рекордына жеттік», — дейді Леффлер Villainfy Media арнасына берген сұхбатында.

Мұның алдында Мартиросян алдындағылардың («Канело» және Джейкобс) өзіне қарағанда жеңіске ұмтылмай, аман қалуды ғана ойлағандықтан толық 12 раунд жұдырықтасқанын айтқан еді. Қазақстандық америкалық боксшыны екінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Естеріңзге сала кетейік, Ванес 5 мамырда Лас-Вегаста Головкинмен қарымта кездесуге шығу керек «Канелоның» орынына шыққан болатын. Нәтиженсінде мексикалық Канело допинг тестінен өтпей, уақытша бокстан шеттетілген болатын

Тағы

Көптен күткен Головкин мен Канело реваншы қашан өтетіні белгілі болды

ESPN Deportes берген деректерге сәйкес келесі аптада Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің өкілдері кездесіп, …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *