Көптен күткен Головкин мен Канело реваншы қашан өтетіні белгілі болды

ESPN Deportes берген деректерге сәйкес келесі аптада Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің өкілдері кездесіп, қос боксшының реваншы қашан өтетінін талқыға салатын болады деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жекпе-жек Мексиканың Тәуелсіздің күніне орай 15 қыркүйек күні өтеді деп жоспарланып отыр. Осылайша, қазақстандықтар бұл жекпе-жекті 16 қыркүйек күні таңертең тамашалай алады.

Канело мен Головкиннің былтырғы алғашқы кездесуі де былтыр осы уақытқа өткен болатын.

Еске салсақ, боксшылардың реваншы осы жылдың 5 мамырына жоспарланған болатын. Алайда Альварестің допинг-сынамасынан кінәрат анықталған соң, олардың жекпе-жегі кейінге шегерілген еді.

Дереккөз: Nur.kz

Тағы

«Барселона» Иньестаның орнына ойыншы іздеуде

Sky Sports басылымы ақпараты бойынша каталондық клуб Италия құрамасының ойыншысына айрықша қызығушылық танытып отыр екен. …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *