Тег мұарағаты

Крем жағу оразаны бұза ма?

Крем жағу оразаны бұза ма

Ассалаумағалейкум! Қасиетті Рамазан айы баршамызға мүбәрак болсын! Сіздерден сұрайын дегенім, аузы берік адамға крем жағуға болады ма? Денеге сырттан енген нәрсе оразаны бұзады деген естіп ем. Крем теріге сіңіп кетеді емес пе? Гүлнұр   Жауап Уа алейкум ассалам! Терідегі ұсақ тесіктер арқылы ет пен терінің арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды. …

Ары қарай оқу »

Оразаның денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Ораза – адам үшін ең керекті дәрі

Ораза ішек ауруларына, іш қатуға, кейбір тері ауруларының жақсаруына көмектеседі. Ораза ұстаған адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмды жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеты), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауызашар уақытында тым көп ас жемеу керек. Оразаның пайдасы туралы доктор Алекс Каррел …

Ары қарай оқу »

Не істесең Рамазан айы пайдалы өтеді?

Не істесең рамазан пайдалы өтеді

Рамазан айы – береке мен жақсылыққа толы ай. Рамазанның өзге айлардан ерекшелігі – Алла Тағала бұл айда Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) Құранды түсіріп бастаған, оразаны парыз қылған. Бұл айда жәннат қақпалары ашылып, тозақ қақпалары жабылады. Бұл айда – Құран молынан оқылып, дұғалар көп жасалады. Бұл айды оразамен, ғибадат-құлшылықпен өткеріп, Алланың мейірім-берекетінен …

Ары қарай оқу »

Шұғыл: Муфтият Оразаға байланысты ресми мәлімдеме жасады

Рамазан, ораза, Бас муфти

Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін. Ғылым мен технология дамыған заманда мұсылмандық күнтізбе шариғи үкім мен ғылыми зерттеулер негізінде жасалды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Оразаны айдың тууына қарап бастап, айдың тууына қарап …

Ары қарай оқу »

Ораза басында 3 күн ұстауға бола ма?

Рамазан оразасында басында 3 күн ұстауға болады ма?

— Тағы да жиі кездесетін сұрақтардың бірі. Рамазан оразасының басында 3 күн, ортасында 3 күн және соңында 3 күн ұстауға болады ма? — Иә, көпшіліктің ішінде осы сөз көптеп кездеседі. Бірақ, Рамазанның оразасын бір ай ұстау қажет. Ол Алла Тағаланың тікелей әмірі — Рамазан оразасы 1 ай. Пайғамбарымыз осы кезде …

Ары қарай оқу »

Жанған бір заттың түтінін жұтып, оны иіскесе ораза бұзыла ма?

Түтінді әдейі жұтпай, еріксіз өздігінен ішке кірсе оразаға зияны жоқ. Ал, оны әдейі ішке тартып иіскесеңіз немесе әдейі жұтсаңыз ораза бұзылады. Рамазаннан кейін сол күннің қазасын өтеуіңіз керек. Әйтсе де, бұл жағдайды әтірдің немесе гүлдің т.б. заттың иісін иіскеумен бірдей көрмеу керек. Әтірдің немесе гүлдің иісін иіскеу оразаны бұзбайды[41]. Осы орайда айта …

Ары қарай оқу »

Қадір түнін таң атқанша ұйықтамай өткізу шарт па?

Қадір түні – Рамазан айындағы ең қасиетті мүбәрак түн. Бұл түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа бара-бар. Сондықтан бұл түнді нәпіл намаз, Құран оқып, зікір айтып, салиқалы істер жасап, ғибратты әңгімелер мен уағыздар тыңдап өткізген абзал. Қадір түнін таң атқанша көз ілмей өткізу шарт емес. Әркім өз жағдайы мен ыңғайына …

Ары қарай оқу »

Рамазан айының басында үш күн, ортасында үш күн, аяғында үш күн ауыз бекіту дұрыс па?

Ораза айын ауру яки жолаушылық себептерден тыс бұлай бөле-жарып ұстауға болмайды. «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Кімде-кім ораза айына жетсе, оны толықтай ұстасын» делінген. Muslim.kz сайтынан алынды

Ары қарай оқу »

Ораза кезінде ине салдыруға бола ма?

Ине ектірудің оразаны бұзып-бұзбауына байланысты кейінгі Ханафи ғұламалары арасында екі түрлі үкім бар. Бұл үкімдер Әбу Ханифа және оның шәкірттері: Әбу Юсуф пен Мұхаммедтің денеге кірген пышақ секілді т.б. қатты заттардың қалдырған дене жарақатына дәрі май жағудың оразаны бұзып-бұзбайтындығы төңірегіндегі фәтуларын негізге ала отырып анықталған. Айталық, А) Әбу Ханифаның «терең …

Ары қарай оқу »