АҚЫН ОРЫНБАЙ ТАЙМАНОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

АҚЫН ОРЫНБАЙ ТАЙМАНОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Бәйдібек ауданы Боралдай ауылында «Боралдайдың бозторғайы» ақын Орынбай Таймановтың 150 жылдығы аталып өтті. Шара Орынбай Таймановтың кесенесінде құрбандық шалынып, құран оқумен басталды.
Одан кейін Боралдай ауылындағы «Қаратау» мәдениет үйінде жалғасып, аудан әкімі Б.Танагөзов келген қонақтар мен аудан тұрғындарын құттықтады. О.Таймановтың 150 жылдығын атап өтуге, кесенені қалпына келтіруге үлес қосқан бірқатар азаматтарды ақынның 150 жылдық медалімен және алғыс хаттармен марапаттады. Жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты Е.Тұрысов пен қоғам қайраткері, жазушы М.Байғұт О.Таймановтың өлеңдері, жыр-дастандары, айтыстары жинақталып, жарық көрген кітабының лентасын салтанатты түрде қиды.
Шара республикалық ақындар айтысына жалғасып, еліміздің Астана, Жамбыл Қызылорда, Семей Шымкент қалалары мен Бәйдібек ауданынан барлығы 10 ақын қатысты.
Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде автокөлікті Бәйдібектік Біржан Байтуов, бірінші орынды Алматылық Ринат Зайытов, екінші орынды Бәйдібектік Қажымұқан Абзалов, үшінші орынды Семейлік Рүстем Қайыртай иеленді. Сонымен қатар айтыскер ақындарымызға аудан әкімдігі дайындаған аудан әкімінің, Гүлсім Әділбекованың, Абай Айнабековтің, Аманбай Қанашайдың, Манатқызының, Айнабек Нысановтың арнайы жүлделері мен О.Таймановқа 150 жыл медалі табыс етілді.
АҚЫН ОРЫНБАЙ ТАЙМАНОВТЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТТІ
Айта кетейік, 1991 жылы іргетасы қаланып, ақынның кесенесінің соғылуына тікелей басшылық еткен, еліміздің қоғам қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облысының, Бәйдібек, Сарыағаш аудандарының, Жамбыл облысының Шу ауданының «Құрметті азаматы» О.Асанғазиева ақын О.Таймановтың 150 жылдығына байланысты өткен республикалық ақындар айтысының қазылар алқасына төрағалық етті.
Бәйдібек ауданының баспасөз қызметі 

Тағы

Шардарада зәулім қонақ үйлер мен яхт клуб салынады

Шардарада қонақ үйлер мен яхт клубтар салынады

Шардара жағажай туризмі дамытуға сұранып-ақ тұр. Демалушыларға жағдай жасау үшін алдағы уақытта 255 гектар аумақты …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *