Аюмен селфи жасаймын деген үндіс жігіт өліп кетті

Аюға барып селфи жасаймын деген үндіс бауырымыздың басында не болғанын бір құдай біледі. Барлық жамандықтың анасы — қу араққа сылқиып тойып алған Орисса тұрғыны, Прабху Бхатара достарымен тойдан қайтып келе жатқан. Ащы судың күші болар, жаралы аюға барып селфи жасамақ болады.

Бхатраның өлем деген ойы болмаса да, аюдың алдында оның барлық мүмкіндігі нөль еді. Білесіз бе, жаралы аю әдеттегіден 3 есе қауіпті. Оны ескермеген ол керсінше ойлап, селфи жасауға жүгірді.

Азулы аю басында ары тұр дегендей сыңай танытса да, көкемнің баласы дегенін істемей қоймайтынын білдіріп тұрып алды. Ақыры сабыры шыдамаған аю тұрып шабуыл жасай бастайды. Орманға қарайтын адамдар келгенде, Бхатараның парша-паршасы шығып, бөлініп жатқанын көрді.

Басқа да қызықты жаңалықтарды қарау

 

Тағы

Шардарада зәулім қонақ үйлер мен яхт клуб салынады

Шардарада қонақ үйлер мен яхт клубтар салынады

Шардара жағажай туризмі дамытуға сұранып-ақ тұр. Демалушыларға жағдай жасау үшін алдағы уақытта 255 гектар аумақты …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *