Halyk Bank әлеуметтік желіде алаяқтардың пайда болғанын ескертеді

Instagram әлеуметтік желісінде алаяқтар «Қазақстан Халық банкі» АҚ атын жамылып, сауалнамадан өтіп, ақша ұтып алуды ұсынып жатыр, ұтыс 350 мыңнан 700 мың теңгеге дейін делінген.Банктің әкімшілігі қазақтандықтарға қауіп туралы ескертті, — деп хабарлайды Tenginews.kz

Алаяқтардың жарнамасы туралы желі қолданушылары жариялап, шағымданды.

«Ақша аударуды сұрайды, бірақ ештеңе төлемейді. Бұл аккаунттың мәліметтерін және ақша аудару шоттарын тексеруді құқық қорғау органдарынан сұраймыз», — деп жазды Facebook қолданушылары. Банктің әкімшілігіндегілер бұл жарнаманы алаяқтардың істеп отырғанын айтты. Алаяқтардың хабарландыруларында Halyk Bank-тің корпоративтік түстері, әріптер, логотиптер, өнімдер мен қызметкерлердің суреттері, ойдан шығарылған тұлғалардың жалған пікірлері, «клиенттерді қолдау қызметінің» жалған номерлері қолданылады. Кибер-қарақшылардың сізді алдауына жол бермеңіз!», — деді банктегілер.
Компаниядағылардың айтуынша, «Халық банк» және «Халық» группасының өзге банктері өз клиенттері арасында ешқашан ақылы сауалнама жүргізбейді және бөтен интернет-сайттар арқылы клиенттерден мағлұмат жинамайды. «Өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді құпия сақтаңыз және ешкімге айтпаңыз — интернет-банкингке шығу үшін логин және парольді, ұялы телефонның номерін, банк картаңыздың реквизиттерін (картаның номері, иесінің аты-жөнін, картаның уақыты мен CVV/CVC). Бейтаныс номерлермен хабарласып, банк қызметкерімен дегендерге сенбеу керек, растау үшін банк смс арқылы жолдайтын кодты айтпау қажет. Банк қызметкерлеріне мұндай мәліметтерді телефон арқылы сұрауға уәкілдік берілмеген», — деп ескертті компаниядағылар.

Тағы

Шардарада зәулім қонақ үйлер мен яхт клуб салынады

Шардарада қонақ үйлер мен яхт клубтар салынады

Шардара жағажай туризмі дамытуға сұранып-ақ тұр. Демалушыларға жағдай жасау үшін алдағы уақытта 255 гектар аумақты …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *