Роза Рымбаева Қобда ауданында берген концертінде батыр Әлия туралы сыр шертті, деп хабарлайды Тілші газетіне сілтеме жасап Nur.kz порталы .
Көрермен оның батыр қыз туралы әнін ерекше ықыласпен тыңдады.
Әнші батыр Әлия туралы көп мағлұмат жинағанын айтты.
«Әлияны» орындағалы ол туралы көп мағлұмат жинадым. Рас, қаршадай қыз жетім қалды. Балалар үйіне түсті. Тағдыры қиын. Ол жақтан әскерге барды. Небары 19 жасында қаза тапты. Мен осы «Әлия» әнін 42 жыл орындап келемін. Осы туындымен жарты әлемді араладым. Барлық жерде осы әнді айтамын. Сейдолла және Бәкір ағаларыма (Сейдолла Бәйтереков пен Бәкір Тәжібаев, «Әлия» әнінің авторлары — ред.) алғысым шексіз. Бұл ән әдемілігі жағынан қазіргі әндерге жол бермейді. Мен үшін батыр қыздың туған жерінде осы әнді орындау үлкен мәртебе», — деді Роза Қуанышқызы.
«Әлия» әнін ұйып тыңдаған көрермен орындарынан тұрып қошемет көрсетті.