Шымкентте университеттің ішінде күйеуі әйелін пышақтап тастады

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқу ғимаратында лаборант болып жұмыс істейтін келіншекті күйеуі пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 11 мамыр күні болған. Жұмыс орнына әйелін іздеп келген күйеуі жанжал шығарып, ақырында оған 5 рет пышақ сұғып алған. Бір соққы дәл жүрегіне тиген. Жарақат алған әйелді жедел жәрдем ауруханаға жеткізгенімен, оны құтқару мүмкін болмаған. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті ұсталып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Аталған факті бойынша Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасына қарасты әл-Фараби полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру»  бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Күдікті қамауда», — делінген таратылған хабарламада.

 

Тағы

Шардарада зәулім қонақ үйлер мен яхт клуб салынады

Шардарада қонақ үйлер мен яхт клубтар салынады

Шардара жағажай туризмі дамытуға сұранып-ақ тұр. Демалушыларға жағдай жасау үшін алдағы уақытта 255 гектар аумақты …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *