Оңтүстік халқы Ұлы жеңіс күнін атап өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ер есімі — ел есінде» атты салтанатты іс-шара өтті. Жеңіс күніне арналған шара «Қаһарман Ұлт» шеруімен бастау алып, оған үш мыңға жуық  азамат қатысты.

Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалы кешенінде өткен салтанатты жиынға облыс әкімі Ж.Түймебаев, қала әкімі Н.Сауранбаев пен майдангерлер, тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері мен соғысқа қатысқан азаматтардың ұрпақтары, облыстық мәслихаттың депутаттары жастар және  БАҚ өкілдері жалпы саны 5 мыңнан аса адам қатысты.

Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны ерекше екенін айтқан аймақ басшысы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін және барша оңтүстікқазақстандықтарды Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады.

«Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде. Отан үшін отқа түсіп, қан майдандағы жеңіске деген табандылықтарыңыз  үшін, алғыс білдіреміз! Ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшпек емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз!» деп өшпес даңқты ерекше атап өткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында  аға ұрпақ өкілдерін әлеуметтік қолдауда, әсіресе денсаулықтарын түзету, сауықтыру және зейнетақы үстемелерін қосу мәселелерін назардан тыс қалдырған емес»,-деді Ж.Түймебаев.

Мерекелік шарада Әскери үрмелі аспаптар оркестрі тақырыптық марштар орындап, Абай саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасын тапты. Мұнан соң, Ұлы Отан соғысы және тыл еңбеккерлеріне арналған әскери өмірден театрландырылған көріністер қойылып, ардагерлерге дала ботқасы ұсынылды.

Жалпы облыстан Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанып, оның 70 мыңы елге оралды. Оның ішінде жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, 8 майдангер «Даңқ» орденінің иегері, 1 -і Халық қаһарманы  атанды.

Жеңістің 73 жылдық  мерекесінде өңірде 174 Ұлы Отан соғысы ардагері мен 15733 тыл еңбеккерлеріне және 4885 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге құрмет көрсетілуде.

Сонымен қатар, аймақтағы барлық ҰОС ардагерлеріне облыс әкімінің атынан құттықтау хат жолданып, сый-сияпат көрсетілді. Ал әлеуметтік қолдау көрсету бойынша  Ұлы Отан соғысы ардагеріне 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 240 500 теңге көлемінде, ал тыл еңбеккерлеріне 5 АЕК, ол 12025 теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек төленді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Тағы

Шардарада зәулім қонақ үйлер мен яхт клуб салынады

Шардарада қонақ үйлер мен яхт клубтар салынады

Шардара жағажай туризмі дамытуға сұранып-ақ тұр. Демалушыларға жағдай жасау үшін алдағы уақытта 255 гектар аумақты …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *