Шардарада зәулім қонақ үйлер мен яхт клуб салынады

Шардарада қонақ үйлер мен яхт клубтар салынады

Шардара жағажай туризмі дамытуға сұранып-ақ тұр. Демалушыларға жағдай жасау үшін алдағы уақытта 255 гектар аумақты алып жатқан жерде 60 нысан құрылысы жүргізіледі дейді аудан басшысы. Айтуынша, қонақ үйлер мен яхт клубтар, ресторандар және аңшылар және балықшылар үйі, аквапарк сынды ғимараттар бас көтереді.

Ол деген сөз Шардараның инвесторлары шәпкілерін аспанға лақтыра отырып, ақша құюға таласады. Бастысы, халықтың жағдайы жасалып, туристтерді тартуға мүмкіндік туса, негізгі мақсат орындалды деген сөз. Бірақ, мына заманда барлық мемлекеттік жоспарларға сын көзбен, күмәнмен қарайтын болдық. Жасалып жатса, тек қуанамыз. Ал, болмай қалса қатты өкінбейміз.

Алдағы уақыттағы 2-3 жылдық өзінің нәтижесін көрсетеді. Еліміз осындай кішкентай ғана Шардара қалалары секілді мекендерді дамытумен өседі дегенге сенем.

Ақпараттың өзегі Отырар ютуб каналынан алынды.

 

Тағы

ОҚО-да Ішіп алған мұғалімдер оқушыларды соққыға жыққан

ОҚО-да ішіп алған мұғалімдер оқушыларды соққыға жыққан (видео)

Жаңалықтың жаңалығы бар. Не шықса да осы оңтүстігімізден шығып кетті ғой. Қайнар бұлақ саяжайы маңында …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *