Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің ІV тоқсандағы көшпелі отырысы өтті.
Аталған кеңес отырысына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төлеби аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Бекмұрзаев және кеңес мүшелері, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, Қаратөбе ауылдық округі әкімі Е.Ералиев, Төлеби аудандық білім бөлімінің бас маманы Қ.Смайылова, аудандық кәсіпкерлерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы О.Бектай, Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің инспекторы Б.Сейсенбеков, аудандық этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Қаратөбе ауылдық округі тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысу;
2. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау;
3. Жастар әскери борышын өтеуге неге құлықсыз тақырыптары қаралды.
Қаратөбе ауылдық округі әкімі Ерік Ералиев округ бойынша 2023 жылдың 9 айында округтің әлеуметтік — экономикалық дамуы үшін атқарған жұмыстары және алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы қысқаша айтып өтті.
Округте 5 елдімекен, 927 үй, 1 181 отбасы, 5 305 халық тұрады.
2023 жылдың 9 айында Қаратөбе ауылдық округі аппаратында Қазақстан Республикасының «Жеке және Заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, жеке тұлға бойынша 80 арыз, заңды тұлға бойынша 5 арыз, жеке қабылдауға 5 азамат тіркеліп, олардың барлығы қанағаттандырылды. Өтініш иелеріне уақтылы, дер кезінде жауаптар беріліп, қабылданған шешімге шағым жасау құқықтары түсіндірілді.
Ауылдық округ аумағындағы халыққа қызмет көрсету нысандары -22.
Ондағы кәсіпкерлік нысандар: 16 дүкен, 2 кіші ағаш цехы, 1 токарлық цехы,
2 азамат өз техникаларымен халыққа қызмет көрсетуде. Қаратөбе ауылдық округі Балдыберек өзенінің жағасынан «Балдыберек» демалыс аймағы ұйымдастырылып, онда 6 адам жұмыс істеуде.
Қаратөбе ауылдық округінің жер көлемі — 13952 га, оның ішінде жайылымдық жері 7 062 га, егістік жер 5 890,0 га (оның ішінде суармалы жер 591 га), бау — көлемі 245,0 га. Ауылдық округ бойынша 3 — ӨК, 17 — ЖШС, 1- толық серіктестік, 270 — жеке шаруа қожалықтары бар.
Төлеби ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің инспекторы Б.Сейсенбеков, Отанды сүю, қорғау жай ғана сөзбен көрініс табатын дүние емес. Әрбір азаматтың еңбегі мен бар күш-жігері Отан үшін жұмсалғанда ғана патриотизм жайлы айтуға болады. Бұл жастарға да қатысты мәселе. Қазіргі уақытта әскерге ынталы буынның азаюы тұтас елді алаңдатып отыр. Қазір жастардың әскерге баруға ынтасы жоқ десек те, қазақ баласының қай-қайсысы да елді қорғауда аянып қалмасы белгілі. Дегенмен әскерге барудың жөні бір бөлек. Бұл – ата-ананың, қоғамның бірлесіп атқаратын жұмысы.
Жиын соңында Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Майбұлақ ауылының бірнеше кәсіпкерлерімен кездесті.
Амирқұлов Пердебек «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2.5 пайызбен 8 млн теңге несие алып, қазіргі таңда 37 жылқы малын бордақылаумен айналысуда.
Елеусізова Аягөз мемлекеттен 1 млн 380 мың теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып, қазіргі таңда өз үйінде қыз жасауын тігумен айналысады.
Бөлісу