Қайтарымсыз грант әперемін деп тұрғынды алдаған күдікті әйел анықталды, деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркістан қалалық полиция басқармасына саурандық тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы «мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін» деп алдын ала 1 200 000 теңгесін жымқырған.
Бір жыл бойы не ақшасын, не уәдесін орындамай алдап жүргенін жазып көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке-басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полиция басқармаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта сезікті әйелге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.
Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*