«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция мәжілісінің отырысы өтті. Партия фракциясының мәжілісін облыстық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы ашып, жүргізді. Жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбіш пен облыстық мәслихатының депутаттары, облыстық прокуратураның өкілі және аудан әкімдері мен бірқатар басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде негізгі 4 мәселе: Сарыағаш ауданы, Жібек жолы елді мекенінде орналасқан автоматтандырылған газ тарату станциясын (АГРС) іске қосу мәселесі, 2023 жылға каналдардың, егістіктерді ағын сумен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, 2023 жылға мемлекеттен жеңілдікпен бөлінген жанар-жағармай және минералды тыңайтқыштармен шаруа қожалықтарын қамтамасыз ету және Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.

«Жібек жолы» Автоматтандырылған Газ Тарату Станциясын (АГРС) іске қосу жұмыстары 2012 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан үлкен проблемалардың бірі. Сондықтан да, халық қалаулылары бұл мәселені облыстық «AMANAT» партиясы фракциясында қарауды жоспарлаған болатын. АГТС құрылысы Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылының тұрғындарының тұрмыс жағдайы мен тұрмысын жақсартуға бағытталған. Жоба бойынша өткізу каблеттілігі 20,0 мың.м³/сағ болатын АГТС және де жеткізуші газ құбыры құрылысы жүргізілуі қажет. Жиында нысанның газ беруге дайын болмауы себебінен бір қатар елді мекендер толықтай газбен қамтамасыз етілмей отырғандығы сөз болды. Депутаттар бұл мәселені талқыға салып халықтың тиімді әрі қолжетімді бағамен пайдалануына тоқталды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Далиев Сакен Шалабайұлының, «Қазтрансгаз» ААҚ Түркістан өндірістік филиалының директоры Түймебаев Нұржан Бақытжанұлының, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Түркістан облыстық филиалы директоры Исмайлов Сакен Сұлтанұлының есептері тыңдалды. Облыстық партия филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы тарапынан бұл мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріліп, орындауға жауапты мекемелерге мерзімдері белгіленіп,қаулы қабылданды.

Күн тәртібіндегі мәселенің бірі 2023 жылға каналдардың, егістіктерді ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша «Казсушар» РМК Түркістан облысы бойынша мекеме басшысы Қазбек Бедебаевтың есебі де тыңдалды. Мекеме басшысының баяндамасын тыңдаған отырысқа қатысушылар көкейдегі өз сауалдарын қойды. Олар қаржының дұрыс игерілуі мен жұмыстың жүйелендіру мәселесін алға тартты. Облыстық мәслихаттың депутаттары Жетісай ауданындағы К-28,К-30, Достық магистральдік каналдардағы құрылыс жұмыстарына байланысты нақты шешім қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар, Сарыағаш ауданындағы Зах, Ханым, Үлкен Келес, Қазығұрт ауданындағы Үлкен Келес каналдары мен гидранттардың мәселелері, Мақтаарал ауданындағы К-19 каналдың жағдайы қызу талқыланды. Бедебаев Қазбек депутаттарға айтылған проблемалар бойынша жұмыстың жасалатындығын жеткізді. Күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар бойынша ортаға өз ойларын салған халық қалаулылары мәселенің заң аясында шешілуін талап етіп, Парламент Мәжілісіне ұсыныс ретінде жолдау қажеттілігін де айтып өтті. Бүгінгі фракция отырысында қаралған барлық мәселелер фракция мүшелері тарапынан бақылауға алынып, фракцияның жергілікті жерлердегі көшпелі жиынында қаралатын болып шешілді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызмет

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*