2023-2024 жылғы оқу маусымының қарсаңында студенттік жатақханалардың даяырлығын тексеру мақсатында Түркістан облысы «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесе отырып мониторинг жұмыстарын жүргізді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бүгінде 10 мыңнан астам студент білім алуда. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында орналасқан 7 жатақханада 3042 орын бар, қосымша 2 ОАОО 570 орын жалға алынса, 109 орын жергілікті хостелдермен келісім негізінде студенттерге берілетін болады.

 

 

 

Мониторингтік топ құрамында «Жастар Рухы» жастар қанаты төраға міндетін атқарушы Еркебұлан Мадиярұлы, ТО «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшы орынбасары, Төлеби аудандық мәслихат депутаты Есқұлов Пердебек, Түркістан облыстық Студенттер Альянсының төрайымы Тургунбекова Айсанам және ерікті жастар болды. Жауапты маман ретінде университетің «Жастар ісі жөніндегі департамент» басшысы Дәркенбай Аружан қатысты.

 

 

Мониторинг барысында жатақханалардың техникалық жабдықталуы, су-жылу жүйелері, ас орындары мен оқу залдары, қауіпсіздік құралдарының қаамтамасыз етілуі назарға алынды. Студенттер үйінде жүріп жатқан ішкі әрлеу жұмыстары ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін аяқталады деп мәлімдеді. Жатақхана жұмысы бойынша жұмысты жетілдіруге бағытталған ұсыныстар университет басшылығына жолданды.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*