Төлеби ауланы Леңгір қаласының тұрғынын белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған, — деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәбірленуші Түркістан облысы Полиция департаментіне арызданған. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі «Қорқытып алу» бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кіріседі. Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылған.

Төлеби ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер, нәтижесінде 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен 2 жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған, Төлеби ауданының тұрғыны.


Жедел уәкілдер тінту кезінде күдіктілерден жәбірленушінің қаражатын тәркіледі. Сондай-ақ күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 6 дана оқ табылды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Болған оқиғаның толық мән-жайы мен күдіктілердің басқа да қылмыстарға байланысы бар-жоғы анықталуда.

 

 

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*