2023 жылдың наурыз айынан бастап,  “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасымен жұмыссыз тіркеліп тұрған Тастұмсық ауылының тұрғындары Эрметова Севара мен Алена Байназарова Түлкібас ауданындағы “Нұр бала” бөбекжайы — бала бақшасына жолданған болатын.
Қазіргі таңда, жас мамандар тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді. Олар, балабақша тәрбиешілерінің көмекшісі атанып, кішкентай балғындарды тамақтандыруға және уақытында демалуына көмектеседі.
Қос маманда, Мансап орталығының қолдауымен алғашқы жұмыс орынына орналасқандарына қуанышты. Олардың алға қойған мақсаттары да аз емес. Бастысы, ерінбей еңбек еткен адам өзінің өмір сүру сапасын жақсартып, мол тәжірбие жинауына мүмкіндік алады, дейді Севара мен Алена.
Айта кетейік,  халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама 2025 жылға дейін жүзеге асырылуы керек болатын, алайда биыл мемлекет үшін маңызды жоба 2029 жылға дейін ұзартылды. Яғни, үкімет мерзімін ұзартқан бағдарлама қазақстандықтардың, оның ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев: «Халықтың табысын арттыру бағ­дар­ламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақ­ты және мақсатты болуы керек. Әрбір бас­қару деңгейінде кедейлікті азай­ту­дың нақты көрсеткіштері белгіленуі тиіс. Жұмысқа мұқтаж азаматтардың нақ­ты санын анықтау қажет» – деген болатын.

Перзиденттің дәл осы тапсырмасы негізінде жүзеге асып жатқан бағдарлама 5 бағытты қам­тиды. Олар: өңірлік жұмыспен қам­ту карталары шеңберінде эконо­ми­ка­ның нақты секторында жұмыс орнын құ­ру, «Ауыл аманаты» жобасын іске асы­ру шеңберінде ауыл тұрғындарының кі­рісін арттыру, табыс деңгейін арт­ты­ру­ды қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шаралар және мемлекеттік қолдау ша­ралары, бюджет қаражаты есебінен жа­­­лақыны көтеру бойынша мін­дет­те­мелер, халықты мемлекеттік әлеуметтік қолдау.

Бүгінде статистикаға сүйенсек, елімізде жоғарғы оқу орындарын бітірген түлектердің шамамен 35 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істе­мей­ді екен.  Ал 40 пайызға жуығы оқу бітіргеннен кейін бір жыл көлемінде екі қолға бір күрек тап­пай жүріп қалады. Осы орайда жастар ара­сын­да­ғы жұмыссыздықты жоюды көздеген бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай 3,3 миллионнан ас­там адамды, оның ішінде 2,3 миллион жас­ты жұмыспен қамту жоспарланған. Жас­тар­ды жұмыспен қамтуға арналған  «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар прак­тикасы», «Дипломмен ауылға» сын­ды бағдарламалар бар. Аталған бағ­дарламалар жастарды жұмысқа ор­на­лас­тырудың тетігін іске асыруды қам­ти­ды. ЖОО бітірген жас маманға бірден жұ­мыс табылуы қиын. Қолында дип­ло­мы болғанымен, тәжірибесі жоқ ма­ман­ды көп мекеме жұмысқа алғысы кел­мей­ді. Осы орайда мемлекет жастарға ты­­­­ғырықтан шығудың тиімді жолын ұсынады. Ол – «Жастар практикасы» бағдарламасы мен “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасы. Биыл да өз жалғасын тапқан  мемлекеттік жобаға жұмыс беру­ші­лер­дің өзі аса қызығушылық танытып келеді.

 

 

Айта кетейік, “Алғашқы жұмыс орнына“ — еңбек өтілімі болмаған, 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады. Аталған бағдарлама бойынша жұмысқа орналасуға ниетті  Түлкібас ауданының жастары мен оқу орынын бітірген түлектер Мансап орталығына жүгіне алады.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*