2025 жылдың 6 айында (2024 жылдың 6айымен салыстырғанда) Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) сәйкесоблыс көлемінде 2 578 (2 773) қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелген немесе қылмыс -7,0%-ға азайған, оның ішінде қылмыстар саны –9,6%-ға (2 298-ден 2 078-ге) азайған, теріс қылықтар 5,3%-ға (475–тен 500–ге) жоғарылаған.
Осы қылмыстарды санатқа бөлсек:
– орташа қылмыстар 810–нан 695–ке немесе 4,2%-ға;
– онша ауыр емес қылмыстар 568–ден 564-ке немесе 0,7%-ға;
– аса ауыр қылмыстар 71-ден 38-ге немесе 46,5%-ға азайған.
Ал ауыр қылмыстар 773–тен 781-ге немесе 1,0%-ға жоғарылаған.
Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылу пайызы 78,8%-ды (76,5%) құрайды. Оның ішінде аса ауыр қылмысты ашу пайызы 100,0%, ауыр қылмыстың ашылуы 88,1% құраған.
Аталған мерзімде жеке адамдарға қарсы – 515(364), отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы – 13 (19), адамның және азаматтың конституциялық және өзге де құқықтары мен бостандықтарына қарсы – 17 (26), меншікке қарсы – 1180 (1233), қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы – 144 (251) құқықбұзушылық тіркелген.
Жалпы тіркелген қылмыстардың 32,0%алаяқтық қылмыстары құрап отыр.
Алаяқтық қылмыстары 23,8% (665-тен 823-ке) жоғарылаған, оның ішінде Жетісай, Отырар, Сайрам, Келес, Шардара аудандарында төмендеген, ал басқа аудандардың барлығында жоғарылаған.
Интернет-алаяқтық қылмыстары 66,0% (203-тен 337-ге) жоғарылаған.
Интернет–алаяқтықтың басым көпшілігі Кентау қаласында – 583,3% (6-дан 41-ге), Бәйдібек – 300,0% (1-ден 4-ке), Сарыағаш – 137,5% (16-дан 38-ге), Түлкібас – 280,0% (5-тен 19-ға) Созақ – 600,0% (1-ден 7–ге) аудандарында жоғарылаған.
Ұрлық қылмыстары 35,5% (335–тен 216–ға)төмендеген, ең көп төмендеу Сарыағаш – 52,2% (46-дан 22–ге), Қазығұрт – 74,0% (23-тен 6-ға), Арыс – 44,4% (9-дан 5-ке), Төлеби – 40,0% (20–дан 12–ге) аудандарында және Түркістан қаласында – 26,5% (68-ден 50–ге).
Мал ұрлығы 31,4% (51-ден 35-ге) төмендеген, ең көп төмендеу Төлеби – 83,3% (6–дан 1-ге), Ордабасы – 40,0% (5-тен 3–ке), Жетісай – 37,5% (8–ден 5-ке), Келес – 100,0% (2–ден 0–ге) аудандарында орын алған.
Адам өлтіру қылмыстары 33,3% (21–ден 14–ке) және адам өлтіруге оқталу 22,2% (9–дан 7-ге), аталған қылмыстар барлық қала, ауданда орын алған.
Тонау 16,7% (18–ден 15–ке), қорқытып алу қылмыстары 35,7% (14–тен 9–ға) төмендеген, төмендеу барлық аудандарда орын алған.
Ағымдағы жылдың жартыжылдығында 135(163) өз-өзіне қол жұмсау деректері тіркелген немесе – 17,2%-ға төмендеген, оның ішінде кәмелет жасына толмағандармен жасалғандар саны 19 (22).
Өз-өзіне қол жұмсауға оқталу деректері – 28,2%-ға (181-ден 130-ға) төмендеген, оның ішінде кәмелет жасына толмағандармен жасалғандар саны 19 (22).
Аталған мерзімде қоғамдық орындарда жасалған құқұықбұзушылықтар саны деректері –18,0%-ға (560-тан 459-ға), көшеде жасалғандар саны – 17,6%-ға (398-ден 328-ге), мас халде жасалғандар саны – 8,7%-ға (195-тен 178-ге), топпен жасалған құқықбұзушылықтар – 39,9%-ға (193-тен 116-ға) төмендеген, ал отбасы-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар саны 370,8%-ға (24-тен 113-ке) жоғарылаған.
Сонымен қатар, елімізде тіркелген қылмыстар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңqamqor.gov.kz порталынан алуға болатындығын назарларыңызға саламыз.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті