Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Respublica» партиясы Түркістан облыстық филиалы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Амина» клиникасының құрылтайшысы Гүлбахрам Сартбаева марапатталды.

Мемлекеттік награданы «Respublica» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бейбіт Биназаров салтанатты түрде табыстады.

Бұл марапат – елдің дамуына, қоғамның игілігіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған еңбектің лайықты бағасы. Гүлбахрам Пернебайқызы денсаулық сақтау саласындағы қызметімен қатар, қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысып, өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қосып келеді.

Марапат иесі көрсетілген құрмет пен жоғары баға үшін алғысын білдірді. Ол ел игілігі жолындағы еңбекті жалғастырудың және халық сенімін ақтаудың маңызды екенін атап өтті.

Айта кетейік, «Ерен еңбегі үшін» медалі – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға берілетін мемлекеттік наградалардың бірі.

Бөлісу
fb-share-icon

от TAQ.KZ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*