Табиғатты қорғау – тек экологиялық ұйымдардың немесе мемлекеттік мекемелердің міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Өйткені қоршаған ортаның тазалығы халықтың денсаулығына, өмір сапасына және келешек ұрпақтың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.
Қазақстан Конституциясында мемлекет адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат ететіні белгіленген. Сонымен қатар азаматтардың табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті екені көрсетілген.
Түркістан облысы үшін экологиялық мәселелердің маңызы ерекше. Су ресурстарын тиімді пайдалану, жасыл желекті көбейту, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрмыстық қалдықтарды дұрыс басқару – өңірдің тұрақты дамуына қажетті бағыттар.
Осы ретте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының маңызы зор. Өңірде ұйымдастырылып жатқан тазалық акциялары, ағаш отырғызу жұмыстары мен абаттандыру шаралары тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.