Түркістан облысында 40-тан астам депутаттыққа үміткер сайлауға бір күн қалғанда өз еркімен саяси науқанға қатысудан бас тартқан, — деп хабарлайды Taq.kz сайтының тілшісі.

Бұған дейін халыққа үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, елдің үмітін арқалаған азаматтар соңғы мәреде осындай шешім қабылдаған.Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әуелхан Тұрғымбеков айтты. Оның айтуынша, өз еркімен үміткерліктен бас тартқандардың саны, белгілі бір кемшілігі анықталып, саяси додадан шеттетілгендерден де көп екен. Төраға кандидаттар неліктен мұндай қадамға баруы мүмкін деген сауалға да жауап берді.

“Енді, бұл өмір ғой. Өздерінің күштерін байқаған шығар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында. Сайлаушылардың алдына барғанда қаншалықты қолдау бар немесе қолдау кем, жоқ екенін байқаған шығар. Әр-түрлі себептер болуы мүмкін”- дейді Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әуелхан Тұрғымбеков

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*