Түркістан облысының тұрғындары шіркейлер мен шегірткелерге қарсы «торғайлар көмекке келгенін» айтады,     деп хабарлайды ТAQ.KZ тілшісі 

Түркістан облысында биыл шіркейлер мен шегірткелердің саны көбейіп, тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне өз залалын тигізді. Бүгінде, мамандар қос қанатты қансорғыштар мен марокко және азия шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарын жалғастыруда. Алайда, әлеуметтік желіде ауыл тұрғындарының шіркейлерге таланып жатқаны, үй жануарлары мен құстардың балапандары өліп қалып жатқандары туралы видеолар тарап жатыр. Ал, кезекті облыс тұрғындарының түсірген видосы керсінше сол жәндіктерге қарсы торғайлардың көптеп келуі жайында.

Ауыл тұрғындары бұл «Жаратқанның жібергені» деп есептейді. Видода расымен де аталған құстардың топталып ұшқанын және жерге қонып жатқандарын көруге болады.

 

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*