«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Темірбекова Жанар Амангелдіқызы бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалы төрағасы С.Асылбеков, аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары А.Конырбаева, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы А.Акжанов және аудандық кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы С.Шакиров қатысты.

Бабайқорған ауылының тұрғыны Ш.Искакова 8 жасар қызының туылғаннан денсаулығы жоқ екендігін айта келе, шет елге ота жасатуға апаруға көмек көрсетуді, сондай ақ екінші қызының бір аяғы екінші аяғынан қысқа болуына орай мүгедектік топқа шығара алмай жүргендігін, сондай ақ 8 баланы өмірге әкелген ана осы күнге дейін өзіне тиесілі «Алтын алқа» медалін ала алмай жүргендігін айтып, көмек көрсетуді сұрап келді.

Мәселені мұқият тыңдаған Жанар Амангелдіқызы Түркия елінен Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне қарасты клиникаға жуырда білікті дәрігерлер келетіндігін, сол дәрігерлерге көрсетіп, мәселені шешуге ықпал жасайтындығын жеткізді. Тұрғынның екінші мәселесі бойынша аудандық емхана бас дәрігерінің орынбасары А.Конырбаеваға жан-жақты қарап заң аясында шешім қабылдау керектігін тапсырды. Ал көп балалы ананың үшінші мәселесі көпбалалы аналарға берілетін «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларды тағайындайтын ұлттық комиссияның құзырында екендігін жеткізді.

Қабылдауға келген Шорнақ ауылының тұрғындары А.Мұхамеджанова, Ә.Джумадуллаевалар биылғы мектеп бітіретін түлектерге жоғарғы оқу орнына түсу үшін қандай жеңілдіктер бар екендігін сұрап келді.Облыстық мәслихат депутаты Жанар Амангелдіқызы үстіміздегі жылдың 18 мамыр күні «СЕРПІН» бағдарламасы бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүретіндігін, оған аудандағы барлық талапкерлер мен ата-аналар қатысуға болатындығын,
ол жерде «СЕРПІН» бағдарламасы бойынша білім беру гранттары туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҰТО және 18 университеттің қатысуымен өтетін маңызды жиынға міндетті түрде қатысуға шақырды.

Қабылдауға келген Шорнақ ауылының тұрғыны Т.Ерімбет ауылдағы мемлекеттік бала бақшаның ғимаратының ескі екендігін, ауданда аналар мектебін ашуға ыңғайлы ғимарат бөлінсе, сондай-ақ әйелдерді кәсіпкерлікке баулу мақсатында көмектер көрсетілсе деген өтініштерін білдірді.
Мәселені мұқият тыңдаған халық қалаулысы кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруге ниет білдірген ауыл аналарына арнайы білікті мамандарды тарта отырып семинар тренингтер ұйымдастыратындығын жеткізді.
Тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе қараусыз қалмайтындығын, арнайы бақылауға алынып заң аясында шешілетіндігін түсіндірді.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*