«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен, қалалық партия филиалының төрағасы Арман Басаровтың, қалалық мәслихат депутаты, Қарнақ бастауыш партия ұйымының төрағасы Бекзат Хабибовтың, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС -гі Кентау электр желілері мекемесінің басшысы Исабек Саменовтың, Қарнақ ауылы әкімінің орынбасары Бахтияр Шайлауовтың және қалалық коммуналдық бөлімі бас маманының қатысуымен Қарнақ ауылы тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қабылдауға келген ауыл тұрғындары тарапынан электр желілеріне қатысты сұрақтарына, атап айтқанда ауыл тұрғыны Х.Гайбуллаевтың тоқ қуатының жетіспеушілігі, С.Камаловтың ескірген электр бағаналарды және электр сымдарын ауыстыру мәселелеріне қатысты Кентау электр желілері мекемесінің басшысы И.Саменов мекеме тарапынан атқарылатын жұмыстар мен Қарнақ ауылына қатысты инвестициялық жобаларымен таныстырып, мүмкіндіктерді қарастырып, қосымша трансформаторлар қою, электр бағаналарын ауыстыру мәселелері кезең — кезеңімен атқарылатынын жеткізсе, И.Изетов, Х.Рамаев көше жарықтарының шамдарын ауыстыру, қосымша жарық шамдарын қою мәселелеріне қатысты, ауыл әкімі аппараты тиісті жұмыстарды атқаратын болып келісті.

 

Жалпы қабылдауға 8 адам жазылып, тиісті жауаптарын алса, көтерілген міәселелерді қалалық мәслихат депутаты өз бақылауына алатынын жеткізді.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*