Түркістанда Қазақстан мәслихаттарының 30 жыл толуына орай, шахматтан «SENAT OPEN» ашық турнирі басталды. Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен, Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен және ҚР Парламенті Сенатының бастамасымен өткізілген турнирге облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Әбішов, Шахмат федерациясының президенті А.Бабенко, облыстық әкімдіктің аппарат басшысы Е.Әлімқұлов және облыстық, қала, аудан Мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық шақырылымы, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жалпы саны 100- ден аса қатысушы жиналған, 17 командадан құралған іс-шараның Рухани астанада өтуіне, Түркістан облыстық мәслихатының құрылғанына 30 жыл толуы бастама болды.

Шахмат мәдениетін дамытудағы маңызды қадамға айналған жарысты, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді.

— Бүгінгі өткізіліп отырған «SENAT OPEN» 1-ші ашық кубогінің іріктеу турниріне қош келдіңіздер! Биыл Қазақстан мәслихатының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл шахмат ойыны осы айтулы датаға орайластырылған іс-шаралардың алғашқысы. Осыдан кейінде, облыстық мәслихаттың ұйымдастыруымен спорттық, мәдени шаралар өткізілетін болады. Бүгінгі ашық турнирге қызығушылық танытқан барлық өңір тұрғындары, депутаттар қатысуда. Бұл бастаманы өткізудегі негізгі мақсат, ақыл, ойдың символына айналған спортты бүкіл халық арасында дамыту, кеңінен насихаттау. Ойын қызықты әрі тартысты өтеді деп сенемін. Барша қатысушыларға сәттілік,- деді Н.Әлмаханұлы.

Айта кетейік, 9 турдан тұратын «SENAT OPEN» 1-ші ашық кубогының Түркістан облысы бойынша жартылай финалистері республикалық деңгейде өтетін турнирге қатысатын болады.

 

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*