Президент Қ.Тоқаев техникалық мамандықтардың маңыздылығын атап, білімге деген көзқарасты өзгерту керек екенін айтқан болатын. ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевтың тапсырмасына сәйкес көлік саласында кадрлар даярлау жұмыстары қолға алынды.
«ҚазАвтожол» ҰК Түркістан облыстық филиалы, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ШҚФ және Көліктік бақылау инспекциясы, «Қазақстан су жолдары» РМҚК, «Қазаэронавигация» РМК мамандары Шымкент қаласындағы №72 жалпы орта мектепте болды. Болашақ талапкерлерге кәсіби бағыт- бағдар берді.
Танымдық кездесуге жоғары сынып оқушылары таңдалды. Себебі жас түлектер алдында болашақ мамандығын таңдау міндеті тұр.

-Жолшы барлық уақыттағы сұранысқа ие мамандық. Жолшы мамандығы жауапкершілік пен білімділікті талап етеді. Ал, сол жолшы салатын автомобиль жолдары арқылы ел мен елдің байланысы бекиді. Халық пен халықтың қарым-қатынасы жақсарады. Еліміздің экономикалық қуаты артады. Еліміздің болашағы жастардың қолында, дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының Пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Айдана Дүйсебекова.
Кездесуге келген жоғары санатты жол мамандары еліміздің жол саласында кәсіби мамандар тапшы екенін айтты. Министрлік мәліметінше, жол құрылысы бойынша қазіргі еңбек нарығында 2 мыңға жуық жолшы қажет екен.


«Бұл іс шарада біз оқушыларға техникалық мамандардың Қазақстан Республикасы бойынша тапшы екендігін және де бұл мамандықтың маңыздылығын түсіндірдік. Білімді және білікті маман болуы үшін, ең алдымен өз кәсібін жақсы көрүді, елімізге әуе жолы, темір жол және асфальтбетонды жолдарда болашақта әр бір оқушы білікті маман болып өз жұмысын абыроймен атқаруы жайлы бағыт бердік, дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ШҚФ Сынақ зертханасының меңгерушісі Ермек Намазов.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК талдауына сәйкес, еліміздегі тұрғын-үй коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармаларында қызметкерлердің 10%-ның ғана арнайы салалық білімі бар екен. Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін Жол сапа кәсіпорыны мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге бағытталған «2000 мектеп» акциясын ұйымдастырғанына 5 жыл болды.
Мамандық таңдау маңызды іс. Гуманитарлық мамандықтарға әуестену кезеңі өтті. Түбегейлі өзгерістер дәуірі басталды.
Айта кетейік, жол мамандарын елімізде 8 жоғары оқу орны дайындайды.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*