Түлкібас аудандық орталық емханасында бас дәрігер орынбасары, емхана менгерушісі, иммунолог, аға гинеколог, аға ЖТД, аға балалар дәрігері, эпидемиолог, бас медбикенің жәнеТүлкібас аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің мамандарының қатысуымен «Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға Адам папилома вирусына қарсы вакцинация жүргізілетіні туралы, адам папилома вирусына қарсы вакцинация мектептерде немесе тіркелген мекен жайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы жүргізуге дайындықтар пысықталды, вакцинациямен қамту барысында өзекті мәселелер талқыланды.
Вакцинация қарсы көрсетілімдер, дәрігердің қарап тексеру, ата-аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған келісімдерін алу, вакцинациялау маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту туралы айтылып өтілді.
Дәрігерлер Адам папиллома вирусына карсы вакцинациялаудын маңызы екенін айтады. Себебі Адам папиллома вирусының 200-ге жуық түрі вирустарға жатады. Папилломаның кейбір түрі адам денсаулығына қауіпсіз, басқалары онкологиялык процестін дамуын белсендіре алады.
АПВ алдын алу жолдары: Жыныстық, қатынаста тек бір жыныстық серіктес болғаны дұрыс. Бул әдіс жыныстық жолмен берілетін барлык инфекциялардан, онын ішінде АПВ-дан қорғауға мүмкіндік береді. Тосқауыл контрацепциясын қолдану — жеңіл, қолжетімді, бірақ әркашан инфекциядан 100% қорай бермейді. Науқас тіпті зақымдалған теріге тиген кезде де вирус жұктыруы мүмкін. Мерзімді профилактикалық, тексерулер. Қыздар гинекологиялық тексеруден тұрақты түрде өтуі керек. Осылай аурудың алғашқы белгілерін анықтап, оны емдеуді уақтылы бастауға болады, -дейді ақ халаттылар.
Вакцинация — тиімді және ыңгайлы профилактикалық әдіс! Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% — дан астамын төмендетеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда. АПВ вакцинасы 6 айлық, аралықпен 2 рет егіледі. АПВ-ғa қарсы 2 валентті вакцина 16, 18 типті антигендерінен және 4 валентті вакцина 6, 11, 16, 18 типті антигендерінен тұрады. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ҚР ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, екпе ата-аналардың ақпараттық келісімімен, тегін жүргізілетін болады. Айта кету керек, АПВ вакцинасын әлемнің 110-нан астам елінде, оның ішінде Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары сияқты көршілес елдерде егуде.