Кентау қаласында 1 қыркүйек-Білім күніне орай барлық білім нысандарында салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңыру соғылды. Қала әкімі Жандос Тасов қаладағы Т.Рысқұлов атындағы №24 жалпы орта мектебіне барып, ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтады.

«Жалпы Кентау қаласының ұстаздары білім мен тәрбие беруде көптеген табыстарға жетуде. Өткен оқу жылында бітіруші түлектеріміз үлкен жетістіктерге жетті. 864 оқушының 528-і білім грантына ие болды. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш, үлкен қуаныш» — деген қала әкімі, Жаңа оқу жылына қадам басқан оқушыларды «Білім күнімен» құттықтап, оқуда озат болуларын тіледі.

Мектепте бірінші сынып оқушылары өлең шумақтарын оқып, ізгі тілектерін өлең жолдары арқылы білдірді. Әсем әуендер шырқалып, мың бұралған бишілер мерекелік көңіл күй сыйлады. 11 сынып үздігімен бірге бірінші сынып оқушылары оның ішінде ағайынды егіз Аяна және Раяна Бекарысқыздары бірге алғашқы қоңырауды соқты.

Іс-шарадан кейін қала әкімі мектеп сыныптарын аралап, ашық сабаққа қатысып, ағымдағы жөндеуден өткен білім ордасының материалдық техникалық базасымен танысты. Жалпы, биыл қала бойынша 11 сыныпқа 1024 оқушы «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысса, оның ішінде 1910 бүлдіршін мектеп табалдырығын алғаш аттап, бірінші сыныпқа қабылданды.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*