XXI ғасыр-білім мен ғылымның ғасыры. Кентау қаласында білім беру саласының майталмандарының басын қосқан тамыз кеңесі өтті. Биылғы жылы — «Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналмақ.

Дәстүрлі тамыз конференциясына – қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, Түркістан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» кафедра меңгерушісі Бекет Өтеген, қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусизов, қалалық маслихат депутаттары, орта арнаулы білім ұйымдарының басшылары, білім саласы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ата-аналар комитетінің мүшелері, қатысты. Кеңестің модераторы білім бөлімінің басшысы Әділ Ауелбеков болды.

Тамыз кеңесінде өңірімізде білім саласында инновациялық цифрлы жобаларды енгізуде біршама жұмыс атқарып жүрген Ә.Молдағұлова атындағы №19 мектеп-лицейінің химия пәнінің мұғалімі, экология магистрі, органикалық химия пәні бойынша докторант Алтынбек Әбсейт, М.Горький атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Жадигерова маңызды баяндама жасады.

Iс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер Ы.Алтынсарин төсбелгісімен, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, республикалық, облыстық, қалалық мадақтамалар және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Бөлісу
fb-share-icon

от Admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Рейтинг*